Таразда 300-ге жуық тұрғын мемлекеттік қызмет туралы ақпарат алды

0 0

Тараздағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қолжетімді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Іс – шараға мемлекеттік қызметтер көрсететін саланың мамандары қатысып, шаһар тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы түсіндірді. Ешқандай парасыз, тиісті қызметтерді тиімді пайдалану жолдарын айтты.

— Мемлекеттік қызметтер көрсететін жәрменкесі қазіргі уақытта дәстүрлі іс-шараның бірі болды. Өйткені, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың белең алуына септігін тигізетін — тұрмыстық жемқорлық болса, бұл қызметтер көрсету саласында жүйелеу, автоматтандыру сынды жаңашылдық енгізілген. Осылай тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу жолдарының бірден бірі осы, — дейді  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депертаменті басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев.

Сондай – ақ, онлайн қызметтердің тиімділігі, «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кең ауқымды жұмыстары жүргізіліп жатқандығы баяндалды. Бүгінде бұл туралы халыққа кеңінен ақпараттар берілген. Олардың қатары осы жәрмеңкеде көп болды. 300-ге тарта тұрғындар келіп, өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап та алды.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.