Меркілік кәсіпкерлерге техникалық регламенттер түсіндірілді

0 6

2018 жылдың 30 қарашасында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Алия Ахметова және бас маман Марат Сармолдаев, «ҚазСтИн» РМК Жамбыл филиалының директоры Асқар Құрманұлы Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан Меркі ірімшік зауыты және Меркі қант зауыты ұжымдарымен «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Тамақ өнімдерін таңбалау бойынша қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерін түсіндіру бойынша іссапармен барды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Мерке ірімшік зауыты — Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі танымал кәсіпорын, оның өнімдері еліміздің көптеген аймақтарында саудалануда. Бүгінгі күні Мерке ірімшік зауытында 100-ден аса адамдар жұмыспен қамтылған.

Өндіріс орны өз қызметін 1936 жылдан бастады. Кәсіпорын қант өндіру, шикі және қант қызылшасын қайта өңдеумен айналысады. Аталған кәсіпорынның қант қызылшасын өндіру қуаттылығы күніне 2500 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда, кәсіпорын Жамбыл облысын қант қызылшасымен толықтай қамтамасыз етіп отыр.

Департамент басшысы Алия Ахметова Кеден одағының «Сүтті және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 033/2013) және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің кеден одағының аумағында айналыстағы азық-түлік өнімдері қауіпсіз болуы тиіс екендігін, айналымдағы азық-түлік өнімдерінде адам мен жануарлардың денсаулығына қауіпті инфекциялық, паразиттік аурулардың қоздырғыштары, олардың токсиндерінің болуы рұқсат етілмейтіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпкерлерге техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, халықаралық менеджмент жүйесі, өнімдер мен қызметтер бойынша сәйкестікті растау процестері, кәсіпорындағы өлшем құралдарына қатысты метрологиялық талаптар, өнімдерді каталогтау жүйесі туралы заңнамаларының талаптары түсіндірілді.

Өз кезегінде, «ҚазСтИн» РМК Жамбыл филиалының директоры Асқар Құрманұлы мемлекеттік стандарттау жоспарына өтінім, мемлекетаралық ұлттық стандарттар жоспарларын қарастыруға және ұсыныс беруге, сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерін техникалық реттеу және метрология саласы бойынша біліктілігін арттыру курстарына және семинарларына қатысуға шақырды.

Кездесуде ашық диалог болып, пікір алмасылды. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, өнімді каталогтау, өнімді таңбалау, өнімнің сәйкестігін бағалау сияқты жұмысқа қажетті мәселелер бойынша ұсыныстар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.