Облыста «Тарих және Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті (ФОТО)

0 47

Бүгін Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай арнайы ұйымдастырылған «Тарих және Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталмыш іс-шараға жергілікті ЖОО-ның оқытушылары, тарихшылар, мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде Желтоқсан оқиғасының ащы шындығы, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы, Елбасының әлі сиясы кетпеген «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы кеңінен талқыланды.

Осы іс-шара шеңберінде, жыл бойы мекеменің іс-шараларын халыққа жеткізіп, сонымен қатар мекеме қызметкерлерінің тарихи-танымдық мақалаларын басылым беттерінде үнемі жариялап, қолдау танытқан республикалық және облыстық басылым, телеарна өкілдерін мекеменің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.