Жамбыл облысындағы шаруа қожалығының басшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

0 12

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш қазақстандыққа «Алтын Жұлдыз» белгісі мен «Отан» орденін табыс ете отырып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қол қойған құжатта Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы үздік жетістіктері үшін, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік берілетіні айтылған.

Марапатталушылардың қатарында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Шаушен» ШҚ басшысы  Сайрамбай Әліқұлұлы Дөненбаев бар .

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Жарлысу ауылынан 150 миллион теңгеге интернат пен 92 орындық балабақша салып, халық игілігіне пайдалануға берген болатын. Сондай-ақ,  20 шопанның отбасы үшін жекешелендіру құқығымен 10 үй салып берген. Кәсіпкер әлеуметтік көмек үшін жылына 50 млн. теңге қаражат бөледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.