Т.Рысқұлов ауданы Мамай-Қайыңды ауылында жаңа медициналық нысан халық игілігіне пайдалануға берілді

0 14

Әулиеата өңірінде ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірқатар нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі Мамай-Қайыңды ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Ауылда 5 келушіге арналған  жаңа медициналық пункт ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қайыңды ауылдық округінің құрамына кіретін Мамай-Қайыңды ауылына үш жүзге жуық  тұрғын қоныстанған. Осыған дейін елді-мекенде ем қабылдау бөлімшесі болмаған. Ауыл халқы дертіне шипа табу үшін орталыққа сабылатын. Мереке қарсаңында ауыл тұрғындардың игілігіне дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жобаның құны-57 млн. теңге. Бас мердігер- «ASEM Building» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Айта кету керек,  Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылуда. Оның 7-уі  дәрігерлік амбулатория, 4-уі жекеменшік  балабақша,12-сі тұрғын үй, қалғандары ауыз су мен кәріз су жүйелері. Ал Тұрар Рысқұлов ауданында барлығы 6 – фельдшерлік амбулаториялық пункт, 13 – дәрігерлік , 13- медициналық пункт, 1- аудандық, 1- ауылдық емхана, 1 — аудандық аурухана жұмыс атқарады.

Жақында ғана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  арқылы   Шолаққайыңды ауылында медициналық пункт, Қарақат ауылында фельдшерлік- акушерлік пунктердің құрылыс жұмыстары аяқталып  Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Тереңөзек, Ақбұлақ, Қайыңды дәрігерлік амбулаторияның жылу көзі газға ауыстырылды. Сонымен қатар ауруханаға 50 млн 760 мың теңгеге медициналық құлар- жабдықтар алынып, жарақтандыру көрсеткіші 91,82 пайыз болды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  Жамбыл облысында 28 нысан ашылды. Оның 12-і көпқабатты тұрғын үй болса, 7-і дәрігерлік амбулатория, 4-і балабақша, 4-і ауыз сумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.