Төле би ауданында кәріз жүйесі қайта жаңғыртылды

0 13

Шу ауданы Төле би ауылындағы кәріз жүйесінің жабдықтары қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Екі жылға жалғасқан жаңғырту жұмыстары Тәуелсіздік күні қарсаңында аяқталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Төле би ауылындағы «кәріз жүйесін және жабдықтарын қайта жаңғырту» жобасы  2016 жылы қолға алынған болатын. Жоба құны -2278814,0 мың теңге. Кәріз жүйесінің ұзындығы-11,3 шақырымды құрайды.

— Төле би 1992 жылға дейін Новотроицкое деп аталған. Ауылда мектеп, балабақша кәсіпкерлік нысандары бар. Олардың бәріне кәріз жүйесі аса қажет болатын. Қанша уақыттан бері жабдықтары жаңартылмай көп кедергі келтіруші еді. Енді ауыстырылып халыққа тапсырылды.

Кәріз жүйесі Төле би мен Абай ауылын жалғайтын жолда орналасқан.  Аудан орталығының 21 мыңнан астам тұрғыны бар. 4185 отбасы қоныстанған. Мереке қарсаңында осындай маңызды нысанның ашылғанына дән риза.

— Батырлар мен билердің ата-қонысы болған, тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданында бүгін үлкен қуаныш. Мереке қарсаңында бірнеше нысан халық игілігіне тапсырылды. Бұл еліміздің, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарып келе жатқандығының белгісі. Мемлекет басшысының ел тұрғындарына жасап жатқан қамқорлығы. Егемен еліміздің азаттығы, Тәуелсіздік мерекесімен аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын. Бейбітшілік пен татулығымыз арта берсін,-деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазақбай Байжұманұлы.

Сондай-ақ, бүгін Байзақ, Жуалы, Шу, Қордай, Тұрар Рысқұлов аудандарында  7  дәрігерлік амбулатория (2 мемлекеттік,  5 мемлекеттік-жекеменшік) Қордай ауданында  4 жекеменшік балабақша, Тараз қаласы мен  Шу ауданында  12 көпқабатты тұрғын үй, ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз су жүйесі сынды  28 нысан ашылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.