2019 жылы ең ұзақ демалыс қашан болады?

0 0

Ұлттық немесе мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі және жексенбі) сай келсе, қазақстандықтар тағы бір күн демалады.

2019 жылы қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр.

Жаңа жылмен бірге алғашқы демалыс та басталады. Ол 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін созылмақ. Естеріңізге сала кетсек, 29 желтоқсан – 2018 жылдың соңғы жұмыс күні. Қазақстандықтар 7  қаңтарда да жұмыс істемейді – православ Рождествосы дүйсенбі күніне сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс істейтіндер үшін 2019 жылғы ең ұзақ демалыстар:

  • Наурызда бес күн  —  21-25 наурыз;
  • Тәуелсіздік күніне орай төрт күн – 14-17 желтоқсан;
  • Халықаралық әйелдер күні мейрамында үш күн — 8-10 наурыз;
  • Жеңіс күніне орай төрт күн – 9-12 мамыр;
  • Астананың туған күнінде үш күн – 6-8 шілде;
  • Конституция күнінде үш күн – 30 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
  • ҚР Тұңғыш Президенті күнінде үш күн – 30 қарашадан 2 желтоқсанға дейін.

Қазақстанда Тәуелсіздік күні ұлттық мереке болып саналады. Сонымен бірге қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамырда, Отан қорғаушы күні – 7 мамырда және Тұңғыш Президент күні – 1 және 2  желтоқсанда демалады.

Дәстүр бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 11 тамыз да демалыс. Ол жексенбіге сәйкес келеді, алайда бұл ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, тағы бір күн демалыс берілмейді, — деп ескертті Uchet.kz.

Сонымен, қазақстандықтар 2019 жылы 120 күн демалады.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.