Жамбыл облысындағы мұнай базасынан өрт шығып, 2 жұмысшы зардап шекті

0 0

Бүгін таңертең  Жамбыл ауданы, Аса ауылында орналасқан мұнай базасынан өрт шықты. Өрттің салдарынан 2 адам зардап шекті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұнай базасы «Амангелді» мұнай өңдеу зауытына тиесілі. Өрт зауыттағы №1 пешті қосу барысында тұтанған. Қызыл жалынды сөндіруге 2 техника мен ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

Өрт 09:08-де толығымен сөндірілді, салдарынан 1987 және 1995 жылдары туылған 2 жұмысшы зардап шеккен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.