Облыс аумағында ағымдағы жылы 677 өрт оқиғасы тіркелген

0 2

Жамбыл облысында ағымдағы жылы 677 өрт оқиғасы тіркелген. Шығыны 142 млн. 795 мың теңгені құрады. Сонымен бірге, өрт кезінде 12 адам қаза болды және 9 адам әртүрлі дәрежедегі күйік алған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары азамат қорғау полковнигі Талғат Сабиров, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының  бастығы Мақсат Әкімбаев, Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Омар Такеевтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлер жаңа жыл мерекесі кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қамтамасыз ету және сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды қолдануға жол бермеу жөнінде журналистерге кеңінен баяндап берді.

Соңғы жылдары от шашулар, жарылғыш және тағы басқа пиротехникалық заттарды қолданудан шыққан өрт оқиғалары жиі тіркелуде. Қауіпті ойыншықтармен ойнап, нәтижесінде балалар әртүрлі дәрежедегі күйік, жарақат алған өрт фактілері алаңдатады. Мысалы, соңғы екі жыл ішінде емдеу ұйымдарына жарылғыш пакеттерді қолдану салдарынан әртүрлі термиялық күйік алған 15 астам адам түскен, олардың басым көпшілігі 9 жастан 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Жаңа жыл меркекесі қарсаңында пиротехниклық өнімдер көптеп сатыла бастайды, әдетте, олар сертификатталмаған және арнайы белгіленбеген жерлерде сатылады. Оларды қолдану әртүрлі дәрежелі термиялық жарақаттар алу, ал кейбір жағдайларда өрттің пайда болу қаупін тудырады.

Ережелерге сәйкес, азаматтық пиротехникалық заттар ішкі істер органдарында тіркелген қоймаларда сақталуы тиіс. Пиротехниканы тек оны сақтауға жағдай жасалған орындарда сатуға болады, оларға тікелей күн сәулесінің, жаңбыр немесе қардың түсуіне жол бермеу қажет.   Бірақ отшашулар мен жарылғыш пиротехникалық заттар базарларда бақылаусыз және ешқанда талаптардың сақталуынсыз сатылып жатады.

Пиротехникалық өнімдерді 14 жасқа толмаған балаларға сатуға тыйым салынады.

Жалпы, өрт саны қысқы мерзімде біршама көбейіп кетеді. Тұрғындардың басым көпшілігі қысқы мерзімде жылыту пештерін қолданады, бірақ кейбір азаматтар жылыту пештері мен мұржаларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан өздерінің тұрғын үйлеріне, өмірі мен туыстарының өмірлеріне қауіп тудырады. Яғни, биылғы жылы облыс аумағында 22 улы газбен  улану оқиғасы тіркелді және 44 адам уланды, оның 9 қаза болды.

Айта кетейік, жыл сайын тұрмыстық өрттерді алдын алу мақсатында жылыту маусымы кезінде облыстық ТЖ департаменті қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі айлығын жүргізеді, тұрғын үйлерді аралап тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіреді және өртке қарсы тақырыптарға жаднамалар таратады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.