Жамбылдық тұрғын Елбасының құрметіне қызына ерекше есім қойған

0 0

Жамбыл облысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аты-жөнінен құралған «Нұрәбіназ» есімді қыз тұрады. Оны әкесі Елбасының құрметіне осылай атаған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Нұрәбіназ мемлекет басшысының есімі, әкесінің аты мен тегінің қысқартылған түрі.

«Барлығы неге атың Нұрәбіназ деп сұрайды. Мен оларға әкем Елбасының аты-жөнінен осындай есім құрап қойғанын айтамын. Ал үйде мені барлығы еркелетіп, «Әбіш» деп атайды», — дейді жасөспірім қыз.

Нұрәбіназдан бөлек, Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 37 мыңнан аса балаға Нұрсұлтан есімі берілген екен. Сондай-ақ, Қазақстанда 90-нан аса Саммит есімді бала өмір сүреді.

Қазақстандықтар түрлі мемлекеттік мерекелерге орай, жаңа туған сәбилеріне Тәуелсіздік, Бәйдібекэкспо, Саммит, Нұротан, Теңге және Мәңгілік деген есімдерді де берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.