Қазақстан мен Өзбекстан арасында ортақ виза енгізілмекші

0 7

Қазақстан мен Өзбекстан екі елге ортақ өз визаларын енгізбекші. Енді екі ел арасында Шенген визасының аналогы ретінде ортақ виза пайда болады. Бұл туралы Өзбекстан туризм комитеті хабарлады, — деп жазады «ZhambylNews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ол виза Ұлы Жібек жолына сілтеме ретінде «Silk visa» деп аталады. Ал биліктегілер оны ақпан айында іске қосуды жоспарлап отыр.

Орталық Азия аймағына өз визасы қажет екендігін бұған сенатор Дариға Назарбаева айтқан болатын. Бүгінде екі елдің үкіметі «Жібек жолының» көмегімен туристердің өмірін жеңілдетуді жоспарлап отыр.

Енді шетелдіктер төлқұжаттағы бір таңбамен мысалы Астана, Алматы, Түркістан секілді Қазақстанның бірнеше қалаларына еш қиындықсыз бара алады. Содан кейін қосымша белгілер қойдырмай-ақ, Самарқанд пен Бұхараға аттанады.

Өзбекстан билігінің мәліметінше, Тәжікстан мен Қырғызстан да ортақ визаға қызығушылық танытып отыр. Сонымен бірге Әзірбайжан мен Түркияда жобаға қосыла алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.