Көздің көруін қалай жақсартуға болады?

0 13

Көз аурулары жер шары халқының 65 пайызында кездеседі. Соңғы жылдары көздің түрлі аурулары жастардың, тіпті кішкентай балалардың арасында да  артып келеді.

Асқынған және ота жасауды қажет ететін жағдайды есептемегенде, көз ауруларының алдын алуға болады.

Көздің көруін жақсартатын дәрумендер

Көз жанарының саулығы біздің ас мәзірімізге тікелей байланысты. Көздің тор қабығының  бояйтын затында А дәрумені, яғни ретинол бар. Ол арқылы біздер айналадағы заттарды тіпті қараңғыда да көре аламыз. Ал ретинол жеткіліксіз болса, онда көзіміздің көруі нашарлап, арты  соқырлыққа әкеп соғуы мүмкін. А дәруменінің жеткіліксіздігі көз қарығуына (конъюктивит), су қараңғылыққа (глаукома),  ксерофтальмияға душар етеді.

Көз аурулары пайда бола бастаған кезде төмендегі азық-түлік өнімдерін тұтынған абзал:

  1. Бауыр еті

Бауыр етінің 100 грамында А дәруменінің керекті мөлшері болады. Оның ішінде нәлім бауыры аса пайдалы болып табылады. Өйткені құрамында  майлар, А. D, Е, С дәрумендері мен фолий қышқылы бар.

  1. Балғын көктерде: ақжелкенде, қымыздықта, саумалдықта, аю жуада,  көк пиязда ретинол мол. Кез-келген тағам түрлеріне аталған ас-көктерді үнемі қосуды ұмытпаңыз.
  2. Қауын

Тәтті қауында А дәруменімен қоса, С, В1, В2, РР дәрумендері, калий, натрий, кальций және темір бар. Темір құрамы басқа жемістерге қарағанда 17 есе көп.

  1. Сәбіздің құрамында да дәрумендер мен ретинол мөлшері көп.
  2. Батат, яғни тәтті картоп аса танымал болмаса да, оның құрамында В, С, РР және А дәрумендері көп мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, каротин, кальций, фосфор да бар.
  3. Қызанақ. Күніне 1 кесе томат шырынын ішсеңіз, А және С дәрумендерінің жеткіліксіздігінен арыласыз.
  4. Өрік. Өрікті үлкен де, кіші де ұнатады. Ал кептірілген өріктің пайдасы жаңа піскен өріктен кем емес. Сондықтан көз саулығы үшін өрікті үнемі жеп жүргеніңіз абзал.
  5. Итмұрынның құрамында каротин, С,Р, В2; Е, К дәрумендері, кальций, калий, темір, магний, фитонцидтер бар. Итмұрыннан қыз мезгілінде тұмау мен  суық тигенде хош иісті  шырын жасап ішкен дұрыс.

Жидектерді майдалап тұрап, суда қайнатып, бірнеше сағатқа тұндырып қойыңыз да бал қосып ішіңіз.  Бұл көзіңіздің  саулығы үшін аса пайдалы.

Қызыл, сары және қызғылт сары түсті жемістер мен көкөністерде каротин бар.

Дереккөз: kazgazeta.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.