Бүгін Бауыржан Момышұлының туған күні (ФОТО)

0 2

Бүгін Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег Бауыржан Момышұлының туған күні. Даңқты қолбасшы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Батырдың туғанына 108 жыл толуына орай Жуалы жұртшылығы Бауыржан Момышұлы ауылы Жібек жолы көшесіндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Тұрғындар батырды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Митингте сөз алған аудан әкімі Б.Көпбосынов өз сөзін:

— Бауыржан Момышұлы өшпес ерлігімен, азаматтық дара қалпымен, ұлтжандылығымен, намыстылығымен халқымыздың орынды мақтанышына айналған ұлы тұлға. Оның есімі ерлік пен өрлік символы ретінде халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, — деп қорытындылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.