Облыстың 310 886 тұрғыны электрондық цифрлық қолтаңбаға қол жеткізген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбеков, Жер кадастр басқармасының басшысы Берік Мұқанов, Электрондық макеттерін бақылау және жеке және заңды тұлғаларымен жұмыс жасау басқармасының басшысы Мұхтар Әлімбетовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында мәлім болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Спикерлердің айтуынша, мемлекеттік корпорацияның айырылмас бөлігі –«Электрондық үкімет» Электрондық үкімет – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, интернеттің қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру.
Электронды үкімет порталы жұмыс істей бастаған сәттен бүгінгі күнге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтардың үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервистер тізбесін арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осылай, портал арқылы 12 жыл ішінде көрсетілетін қызметтер мен сервистердің саны 235-ке дейін артты, композиттік қызметтер пайда болды, 44 қызмет бір реттік құпия сөздердің (sms-пароль) көмегімен қолжетімді болды, 38 төлем түрлері порталда авторландырылмаған пайдаланушылар үшін онлайн режимге ауыстырылды, сондай-ақ «анықтамасыз қызметтер» – үшінші тұлғалармен ең белгілі анықтамаларды сұрату сервисі автоматтандырылды.
Бүгінгі күні «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның eGov.kz порталы инфрақұрылымына 150-ден аса ақпараттық жүйелер мен деректер қоры интеграцияланған. Яғни, «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және азаматтар бірнеше мемлекеттік органдарға бармай-ақ бір ғана сұрау салу арқылы қызметтерді пайдалана алады. Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 741 қызмет болса, оның 598 -і мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуде, электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылғаны- 454.
Жалпы 2018 жылы халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша 1 569 009 қызмет көрсетілген, оның ішінде 758 423 қызмет электрондық негізде.
Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша бөлімдерде мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жұмыс атқаруда. Бұл сектордың негізгі мақсаты: халықты «Электрондық үкімет» порталының мүмкіншіліктерімен таныстырып, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы ақпараттық анықтамалар мен электрондық қызметтер алуға мүмкіндік жасау.