Жамбыл облысында мойын омыртқасындағы дегенеративті өзгеріске тұңғыш рет ота жасалды. Оны Оңтүстік Кореяның Сеул қаласы Северенс клиникасынан келген жоғары санаттағы мамандары жасап, жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Тәжірибе алмасу отасы №1 қалалық ауруханының нейрохирургия бөлімінде жасалды. Таңғы сағат 8-де басталған операция екі-үш сағатқа созылды. Түскі уақытқа дейін ақ халаттылар екі науқасқа көмек көрсетті. Оның бірі – мойын омыртқасындағы дегенеративті өзгеріс болса, екіншісінің диагнозы – омыртқаның желке және кеуде тұсындағы жарақаттары. Облыста алғаш рет жасалып отырған қос операция да сәтті аяқталды — дейді жергілікті мамандар.
Бақытжан ДОСЖАНОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Жаңа методикаға, жаңа тәсілге үйреніп дәріс алып жатырмыз. Мамандар арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша шақыртылған.
Дереккөз: Jambyl tv