Жамбыл облысы бойынша жаңа жылдық от шашулар сататын базарлар мен дүкендерді жаппай тексеру басталды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Әсіресе, халық көп баратын орталық базар жіті тексерілді. Облыс бойынша 19 базар мен 700-ден астам дүкендер бар. Қазір шаһарда түрлі отшашулар саудасы қызып тұр.
«Тосыннан келген тексеру саудагерлерге ұнамаса да, төтенше жағдайдың алдын алуымыз керек», – дейді мамандар.
Арнайы комиссия мүшелерінің айтуынша, рейд кезінде кедергілер де болады екен. Сатып тұрған заттарын тастай қашатындар бар. Пиротехникалық бұйымдарды ешқандай құжатсыз сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, отшашулары тәркіленеді. Бүгінгі тексеру кезінде «бенгал оттарын» сатуға рұқсаты құжаты жоқ бірнеше саудагер анықталды. Рейдке шыққан топ тұрғындарға үн-парақ таратып, отшашудан келер қауіп туралы да айтты. Әзірге, жарылғыш заттардан жарақат алу дерегі тіркелмеген. Егер заңсыздық орын алған жағдайда 25 ЕАК немесе 60125 айыппұл салынады. Мұндай рейдттер алдағы күндері де жалғасатын болады.
Дереккөз: Jambyl tv