Қазақстанның халықаралық резервтері 88 млрд долларға жуықтады

0 5

Жыл басынан бері Қазақстаннның халықаралық ерезрвтері шамамен 2% төмендеген. Бұл жөнінде «ZhambylNews» АА LS порталы-на сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, 2018 жылдың 1 желтоқсанында Ұлттық қор активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 87,78 млрд долларды құраған. Осылайша, бұл көрсеткіш 1,73% қысқарған. 2017 жылдың соңында ол 89,33 млрд долларды құраған болатын.

Бұл кезде, максималды қор қаңтар айының соңында болған – 90,69 млрд доллар. Ең азы қазан айында – 84,66 млрд доллар.
Сонымен қатар, жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бері 2,71% құлдырап, 1 желтоқсанда 30,15 млрд долларды құраған.

Ұлттық қор активтері де жыл басынан бері 1,21% қысқарған. Ұлттық банктің соңғы мәліметі бойынша, 1 желтоқсанда ол 57,62 млрд долларды құраған. Ал жыл басында 58,33 млрд доллар шамасында болған. Активтер қаңтар айының басында үлкен көрсетеішке жетіп, ол 59,35 млрд доллар шегінде болған.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.