Мемлекет басшысы Никол Пашинянды құттықтады

0 5

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін. Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.