Жамбыл ауданында облыстық ақындар айтысының аудандық іріктеуі өтті

0 0

Жамбыл ауданында  «Жамбыл — менің жай атым, халық — менің шын атым» атты облыстық ақындар айтысының аудандық іріктеуі өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған шара Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылық орталығы және Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Айтысқа ауданның 8 ақыны (4 жұп) қатысып, өнер көрсетті. Қазылар құрамында танымал айтыскер ақындар, мәдениет саласының үздіктері бар. Атап айтқанда, Ахметжан Өзбеков, Ербол Қамбатыров, Айтмұханбет Исақов.

Айтысты Жамбыл ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Уәлиұлы Сырлыбаев ашып, ақындарға ақ жол тіледі.

Тартысты өткен ақындар айтысының қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Нұрлыбек Құрманов иеленсе, ІІ орын Аса ауылынан шыққан Айжан Сырымбетоваға бұйырды. Ал ІІІ орынды Өрнек ауылының жас айтыскер ақыны Шапағат Сәбитқызы қанжығасына байлады. Сондай-ақ, қатысқан барлық ақындарға бірдей ОХШО атынан алғыс хат және ұйымдастырушылар (аудан) тарапынан бағалы, ынталандыру сыйлықтарымен қоса дипломдар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.