Жамбыл ауданында мектеп асханалары тексерілді

0 7

Жамбыл ауданында құрылған ведомствоаралық сарапшы топ «Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» жобасының жүзеге асырылуы бойынша  мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізуді бастады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жобаны іске асыру мақсатында құрылған ведомствоаралық сарапшылар Қ.Сартбаев атындағы орта мектебі, Әкім Тарази атындағы тірек мектебі және Еңбек орта мектептерінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу жұмыстары барысында мектеп асханаларының ұйымдастырылуы, асханаларға арналған талаптардың өз деңгейінде болуы, тазалық жұмыстары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстары қаралды. Ал, бірқатар мекеме басшыларына сын ескертпелер айтылып, алдағы уақытта партия бақылауында болатындығы түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.