Мыңарал ауылдық округінің әкімі өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

0 11

Мойынқұм ауданына қарасты Мыңарал ауылдық округінің әкімі Зубаржат Камиева 2018 жылды атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп берді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Мыңарал компаниясы» ЖШС өткен жылы 200 мың кг балық өндірді. Өндірістік орында 80 адам жұмыс істейді. Ал «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн. 400 мың тонна цемент өндірді. Екі үлкен зауыт жұмыс істеуі жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда тиімді жағдай туғызып отыр. Алдыңғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл 200 мың тоннаға артық. Аталған өндірістік орында қазіргі таңда 385 адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлікті дамыту іс – шараларын ұйымдастыру аясында 2018 жылы 2 дүкен ашылып жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Жеке кәсіпкер Болат Борамбаев жанармай бекетін ашты. Ал, округ бойынша жеке кәсіпкерлікпен 18 адам айналысады. Бізде 17 дүкен, 1 наубайхана, 8 кафе тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бұларда 20 адам жұмыспен қамтылған.

Ал округте 2 фельдшерлік – акушерлік пункт жұмыс атқаруда. Жоспар бойынша, қазан айында дәрігерлер ауылдарға келіп, азаматтарды қабылдады. 2017 жылы округімізде 34 бала дүниеге келсе, 2018 жылы 31 бала дүниеге келді. 2018 жылы ана және бала өлімі тіркелген жоқ. Жаңа туылған нәрестелер мен аяғы ауыр 11 әйел медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында.

Тағы айта кетерлігі, Кенесары Қасымов атындаға орта мектепте 32 мұғалім жұмыс атқарады. Оқушылар саны 173, шағын орталықта 5 қызметкер жұмыс істейді, 25 бала тәрбиеленуде. Мыңарал орта мектебінде 26 мұғалім, 157 оқушы білім нәрімен сусындауда. Қашқантеңіз стансасының бастауыш мектебінде 3 мұғалім жұмыс істеп, 8 оқушы білім алуда. Аз қамтылған оқушылар және 1-4 сыныптағы білім алушылар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша К. Қасымов орта мектебі көрсеткіші бойынша 79 пайызды құрап, жоғарғы нәтиже беріп отыр.

Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2018 жылға бөлінген 745 мың теңге қаражат толықтай игеріліп, Мыңарал ауылында орналасқан Жастар саябағына көріктендіру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару шотындағы қаражаттар есебінен Мыңарал ауылында орналасқан жастар саябағына 1 млн. 800 мың теңгеге стелла орнатылды. 2018 жылы жұмыссыздар саны 18 адамды құрады. Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері 2018 жылы 30 тамыз ҚР Конституциясы күні тұсауы кесілген «Жастар саябағына» тал көшеттерін отырғызды.

Өз кезегінде ауыл әкімі бұл жұмыстардың жоспарға сай шешімін табатынын жеткізіп, тиісті орындармен жұмыстар туралы баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.