Жамбыл облысында цифрландырылған 71 ақпараттық орталық ашылады

0 0

Жамбыл облысында былтыр аудан орталығы мен елді мекендерде 71  цифрландырылған ақпараттық орталық ашылған. Биыл тағы 71 осындай орталық ашу, сол арқылы олардың санын 142-ге жеткізу көзделіп отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Былтыр өңірде ашылған цифрландырылған 71 ақпараттық орталыққа барлығы 78,2 миллион теңге жұмсалған. Биыл бұл бағытта  94,6 миллион теңге қажеттігі анықталған.

«Кітапханалардан ашылған орталықтар ішінде — 1 бродкастинг залы, 17 коворкинг, 53 цифрландырылған ақпараттық орталық  бар. 2019 жылы мәдениет, клуб үйлерінде тағы осындай 71 орталық ашу мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Ал, 2020 жылы 80 кітапханада ашу көзделуде. Қалған 49 кітапхана цифрландырылған ақпараттық орталық ашуға тиімсіз» -дейді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Сондай-ақ, ол өңірдегі кітапханалар мобильді стандартқа көшіріліп,  «Қасиетті Тараз» сайты жұмысын бастағанын жеткізді.

Айта кету керек, бұл жұмыстар негізінен ауыл тұрғындарының игілігіне арналған. Ауыл тұрғындары орталық арқылы бүгінде  egov.kz порталымен 6 түрлі мемлекеттік қызметті алуда. Онда тұрғындардың күнделікті тұрмысына қажетті 1 009 анықтама беріледі. Олардың қатарында балабақшаға кезекке тұру, некеге тұруға өтініш, мекен-жайы, сотталмағандығы, жылжымайтын мүлкі, салымның қаражат түсу қозғалысы, зейнетақы қоры туралы  және тағы басқалар бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.