Облыстық қазақ драма театрында «Тағдыр тәлкегі» драмасы сахналанды

0 7

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрында драматург Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» атты драмасы сахналанды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес тақырыбын насихаттау – мемлекетіміздің қауіпсіздік саясатындағы басты мақсаттардың біріне айналып отырғаны белгілі. Осы мақсатқа орай сахналанған «Тағдыр тәлкегі» драмасының негізгі идеясы діни экстремизм мен терроризм идеологиясымен уланған ланкестердің қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу және оған қарсы батыл күрес жүргізуді насихаттау болып табылады.

Шығарма желісінде қарапайым ғана отбасынан шыққан Нұргүл атты жас қыздың теріс дін атын жамылған ланкестірдің шырмауына түсіп, тағдыр тәлкегіне ұшырауымен оқиға күрделене түседі. Оқиға соңында теріс дін жолындағы экстремистік топтың мемлекетке қарсы әрекет етпекші болған теріс пиғылдары әшкере болып, олар тиісті органдардың араласуымен түгел қолға түседі. Шығарма жастарға дұрыс діни түсінік беруге, өскелең ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.