Өңірде «Көне Тараз» атты республикалық байқау өтті

0 4

Таразда ҚР мәдениет қайраткері, күйші-сазгер Аман Малдыбаевтың 60 жылдығына орай  «Көне Тараз» атты республикалық байқау өтті. Өнер додасына еліміздің түкпір-түкірінен келген талантты өнерпаздар түрлі кезең бойынша сынға түсті.

Еліміздің талантты және өнерлі жастарынның басын қосқан байқауда қатысушылар Аман Малдыбаевтың күйіне қойылған би, поэзия, вокал, аспапта ойнау сынды кезеңдер бойынша бақ сынады.

Мұндай байқаулардың ел өрендеріне берері мол. Өйткені  күйші қазақ халқының сан ғасырлық төл мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізіп,тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып келеді. Ал  бүгінде танмыл сазгер, күйшінің күйлері еліміздің барлық сахналарында орындалып жүр.

Жарыс соңында оқ бойы оза шауып, жүйрік атанған жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.