Облыс мектептері мен балабақшалары бейнебақылау камераларымен жабдықталған

0 1

Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі күні өңірдегі 446 мектептің 428-і (96%), 377 балабақшаның 376-ы (99,7%) бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бейнебақылау камералары орнатылған 428 мектепте 5000 дана камера бар. Олардың 33% мектеп сыртында, 67% ішінде орналасқан.

Ал, бейнебақылау камералары орнатылған 376 балабақшада 2768 дана камера бар. Олардың 29,8% сыртында, 70,2% ішінде орналасқан. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.