Мойынқұм ауданы әкімі өндірістік аймақтарды аралады

0 2

Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев апта басында өндірістік аймақтарға іс-сапармен барды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аудан басшысы алдымен Мирный ауылындағы гранит тастардан әр түрлі бордюр, плита, брусчатка шығаратын «Оргстрой» ЖШС-де болды. Аталған мекеме 2016 жылдан бері өз өнімін шығарып, Астана, Алматы басқа да қалаларға жөнелтуде. Мекемеде 80 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, аудан әкімі Мыңарал ауылындағы балық зауытында да болды.

— Балық зауытында өткен жылы қосымша құрылыстар соғылған. Ал, биылғы жылы жаңа жабдықтар алынады. Мұнда балық аулаумен 4 бригада айналысады. Зауытта 90 адам жұмыс істейді. Зауыт өнімдері өз елімізден басқа, шет елдерге де шығарылып жатыр. Бірақ, балық аулайтын айдындардың көлемін ұлғайтып, квота берілсе дұрыс болар еді, — дейді зауыт директоры Сергей Ни.

Аудан әкімі бұдан кейін өткен жылы 1,542 мың тонна цемент өндірген Мыңарал цемент зауытының жұмысымен танысты. 

Бұдан кейін аудан әкімі өңірдегі өндіріс орындарының басшыларын жинап, жиын өткізді. Жиынға қатысқан 9 мекеменің басшысына атқарып отырған жұмыстарына табыс тілей отырып, Алғыс хат табыс етті.

— Біз сіздермен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Бұл ретте алдымен айтарымыз біздің аудан аймағында тұратын мекемелер аудан есебінде тіркелгені жөн. Сондықтан, бүгінде басқа облыс есебіндегі «Шығыс кен басқармасы», «BT-INVEST», «Рудгормаш» ЖШС аудан есебіне тіркеліп, салықты біздің ауданға түсіргендері дұрыс болады,- деді аудан әкімі Мәден Мұсаев

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.