Жамбыл облысында екі адам ыстан уланып, көз жұмды

0 0

Ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні Шу ауданында екі азамат ыстан уланып, көз жұмды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Оқиға 29 қаңтар күні сағат 11:00-де Шу ауданы, Қонаев ауылы, жеке тұрғын үйдің қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақауынан 1929 ж.т. 1936 ж.т. азаматтар уланып оқиға орнында қаза болды» — делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға орнына ТЖД 1 қызметкер және 1 бірлік техника және КЖТТ 3 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.