Луговой ауылында жастарға арналған спорт кешенін салу жоспарлануда

0 13

Луговой ауылында жастар мен жасөспірімдер үшін жаңа спорт кешенін салу жоспарланып отыр, сондай-ақ, бұрынғы кеден қызметкерлері пайдаланған ғимаратта спорт алаңы ретінде қайта жабдықталады. Бұл туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Қрықбаев ауданда 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру баяндамасында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Есепті жиын алдында ауылдық округ әкімі Мұратбек Сванов өткен жылы ауылда атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылғы жоспарларымен бөлісіп, есеп берді.

Ал аудан әкімі Асқар Санатұлы өңірдегі 12 айда атқарылып, оңтайлы шешім тапқан істерін баяндап, Луговой ауылына жаңа емхана ғимаратының берілетіндігін жеткізді. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарының көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, бірқатар проблемалардың оң шешімін табатындығы туралы жоспарларын айтты. Ауылдағы шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздықты жою мәселелері бойынша ой бөлісті.

Жиын соңында тұрғындар Асқар Қрықбаевтың өткен жылы атқарған жұмысына зор баға беріп, «Жастар жылында» атқарар шаруаларына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.