2019 жылы Қазақстанда баспаналардың орташа бағасы өсті.
Қаңтарда 13 аймақта баға оң динамика көрсетті. Оның ішінде кейбір көрсеткіштер соңғы 2-3 жылдың аралығында рекордқа жеткен.
Индекстің айтарлықтай өсуі Шымкент қаласында байқалды, бұл қалада 1 шаршы метрдің бағасы 4,1% өскен, 212 мыңнан 220,8 мың теңгеге. Бұл аймақта оң динамика былтырдың II жартысында тіркелген, бірақ қаңтар айындағыдай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. Шымкент — 2018 жылы екінші жартысында Қазақстанда пәтер бағасы ең қымбат қалалардың қатарына кірді (Алматы және Астана қалаларынан кейін).
Алматыда баға индексі қаңтар айында соңғы екі жарым жылдағы көрсеткішті жаңартты: бір шаршы метр 373,5 теңгеге бағаланып тұр (+10 250 теңге), яғни желтоқсан айына қарағанда 2,8% өскен. Алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл жаңа бағалар айтарлықтай қымбаттау болып саналады.
Бағасы түскен жалғыз қала — Ақтау. Өңірде пәтер құны 5,2% арзандапты. Қазіргі уақытта шаршы метрі 196 мың теңге. Оған қоса Ақтау ең қымбат бес қала қатарынан шығып, алтыншы орынға түсті.
Дереккөз: tengrinews.kz