2019 жылдың 1-ші ақпаны күні сағат 17:10 шамасында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тас жолының 552-шақырымында қалың тұманның салдарынан бір бағытта бет алған жеті көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Салдарынан, Жуалы аудандық орталық ауруханасына бір адам, Тараз қалалық №1 ауруханаға екі адам жатқызылды, қаза болғандар жоқ.
Аталған дерек бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1, 2-бөліктері бойынша хаттама толтырылды. Барлық жеті көлік құралы айыптұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.