Қала әкімінің халық алдындағы жыл сайынғы есеп беру кезеңі басталды. Былтырғы жылы атқарылған іс аз емес. Алдағы жоспарлар да ауқымды. Нақты жұмыстардың нәтижесі ел назарында екені сөзсіз.
Халықтың мүддесі әр уақытта да жоғары тұрады. Олардың әлеуметтік-эконимикалық жағдайы, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін арттыру басты назарда. Өткен жылы қаламыз үшін біраз өзгерістер мен жаңғыруға бет бұрғанын көруге болады. Халық көп шоғырланатын демалыс орындар Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы және Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ, «Желтоқсан» аллеясы, темір жол бекеті алдындағы «Көне Тараз» сквері, «Үшбұлақ» каналының жағалауы, «Достық» алаңындағы және облыстық әкімшілік алдындағы су бұрқақтары, «Жамбыл» ескерткішінің орнын ауыстыру жаңартылған шаһарда қаламыздың сәулеті мен келбетіне көрік қосты.
Елдің өсіп-өркендеуі үшін жастарға, олардың терең білім алуына нивестиция салу қажет екені сөзсіз. Қала бюджетінің басым бөлігі осы салаға жұмсалуда және ол жылдан жылға арттып келеді. Атап айтар болсам, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шөлдала» тұрғын алқабында 900 орындық жаңа №59 мектептің және №24 мектепке 300 оқушыға арналған жапсарлас ғимараттың құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.
Биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланды. Осы орайда, қаламызда «Жастар» аллеясы, Төле би даңғылының бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквер, жаяу жүргіншілер (Арбат) аймағы мен аллеясы бой көтермек. Мұның барлығы қала жастарының игілігі мен болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстар.
Серікбол БЕРІКҚОЖА,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты