Microsoft компаниясының киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Крис Джексон (Chris Jackson) Windows IT Pro ресми блогында Internet Explorer браузерін пайдаланудың қауіпті екенін айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның себебі Microsoft браузерді жаңартуды 2015 жылдан бері тоқтатқан. Internet Explorer жаңа веб-стандарттарды көрмейді, яғни ол ескірген. Бірақ, көптеген сайт пен сервер, браузерді әлі де негізгі браузер ретінде қолданады. Керісінше, Google Chrome, Firefox және Microsoft Edge сияқты браузерлерді дұрыс пайдаланбайды.
«Internet Explorer — басқа бағдарламалармен сәйкестендіру үшін жасалған браузер. Қазіргі уақытта ол жаңа веб-стандарттарды көрмейді, көп қолданушылар оны қолданғанымен, қазіргі кезде браузер мүлде жаңармайды», — деді Крис Джексон.
Microsoft компаниясы жақын арада жаңартылған Chromium базасында жасалған Microsoft Edge шығармақшы. Ол Windows 10-нан бөлек, Windows 7, Windows 8, Mac, Linux-та да қолданылады екен. Джексонның айтуынша, Microsoft Edge веб-стандарттарды өзгертуде бірінші болатынын айтты.