Шу ауданында биыл білім саласына 461,3 млн. теңге бөлінді

0 15

Жылдан жылға білім сапасын арттыру мақсатында білім  саласын қаржыландыру арта түсуде. Биылғы жылы Шу ауданында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 461,3 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Досаев халық алдындағы қорытынды есебінде айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қайрат Әскербекұлы атап көрсеткендей, аудандағы жалпы 47 білім беру ұйымдарының 1 068 сынып комплектісінде 2018-2019 жаңа оқу жылында 19 593 балаға 2 230 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектеп алды дайындық бойынша 101 сынып комплектісінде 1758 бала білім алады.

Айта кетейік, 2018 жылы жергілікті бюджеттен 15 млн 144 мың теңге бөлініп, 4 мектеп (М.Әуезов, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, А.С.Макаренко ) робототехника  кабинетімен жабдықталды.  «BilimLand» платформасы бойынша ауданның 43  мектебі онлайн жүйесіне, 4 мектеп офлайн жүйесіне қосылды. 47 мектеп «Электронды журнал» жобасына толығымен  100 % көшірілді. Сондай-ақ, өткен жылға белгіленген нысаналы индикаторға жету (80%) мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаралған 63 млн 371 мың теңгеге ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аудан бойынша 40 мектеп ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған. Қамту көрсеткіші 85,1%. Есепті кезеңде «Жұмыспен қамту-2020 Жол Картасы» бағдарламасы шеңберінде Төле би ауылындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясының күрделі жөндеу жұмыстарына–206,0  млн. теңге бөлінді. 188,0 млн. теңге игерілді.

«Бүгінгі күнде 54 мектепке дейінгі ұйымда (35 балабақша (23 мемлекеттік, 12 мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде), 19 шағын орталықта) 4338 бала (балабақшаларда — 3665, шағын орталықтарда – 673 бала) тәрбиеленуде. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту 91,6% құрайды, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 1-6 жас аралығындағы бала саны 6096. Ал 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі бала саны 4935, оның ішінде мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамтылған 3-6 жас аралығындағы бала саны 4910. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту 99,9% облыстық көрсеткіш 98% құрайды», — деді аудан басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.