Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Баласағұн ОКЗ-да «Жамбыл-менің жай атым, xалық-менің шын атым» атты облыстық ақындар айтысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агентігі.
Аталған додаға Жамбыл облысынан 32 ақын қатысып, 16 жұпты құрады.
Айтыстың салтанатты ашылуы Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орымбековтың ықыласты сөзімен басталды.
Алғашқы жұп болып доданың шымылдығың өңірге белгілі ақын Талғат Құсайынов пен Республикалық ақындар айтысының бірнеше жүлдегері Алтынкүл Қасымбекова ашты. Бұдан кейін ақындарымыз өз жұптарымен саxна төрінде бақтарын сынады.
Бас жүлдені Жуалы ауданының ақыны Қанат Мырзаxан жеңіп алса, І-орынды Байзақ ауданының ақыны Дарxан Әбдіманап иеленді. ІІ-орынды Т.Рысқұловтың тумасы Асxат Қылышбек қанжығасына байласа, ІІІ-орын Жамбылдық Нұрлыбек Құрмановқа бұйырды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Біржан Сартбекұлы, айтыскер ақын Шырын Мамасерікова, Аxметжан Өзбеков және Ербол Қамбатыров сынды қазылардың шешімімен сегіз ақын республикалық айтысқа жолдама алған. Ал қатысушы ақындарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс xаттар табыс етілді.
Айта кетейік, республикалық ақындар айтысы 28 ақпан күні өтетін болады.