Синоптиктер 2019 жылдың 19-21 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстаннан бір циклон кетпей тұрып, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан атмосфералық фронттары арқылы республиканың көптеген облыстарында алдағы 3 тәуліктегі ауа райын анықтайтын келесі циклон асығуда. Сондықтан Қазақстанның басым бөліктерінде қар, боран, екпінді күшті жел, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста сулы қар, кей жерлерде қатты, тұман және көктайғақ күтіледі.
Мамандардың айтуынша ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары сақталады.