2019 жылғы 1 наурызда Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиевтің облыс халқына есеп беру кездесуі өтеді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Есеп беру кездесуіне облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүргізіледі.
Сұрақтар облыс Полиция департаменті бастығының блогына (mvd.gov.kz) немесе 8 (7262) 99-70-31, 99-70-34 «call-центр» телефон нөмірлері бойынша ағымдағы жылдың 27 ақпанына дейін сағат 10.00-18.00 аралығында қабылданады (түскі үзіліс сағат 12.30-14.30) .
Өткізілетін күні, уақыты: 2019 жыл 1 наурыз, сағат: 11.00
Өткізілетін орны: Тараз қаласы, С.Рахимов көшесі, 55 (Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйі)