Тараздағы жоғары оқу орнына Шерхан Мұртазаның есімі берілуі мүмкін

0 6

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне Шерхан Мұртазаның есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы  «Шерхан Мұртазаның тарихи тұлғасы мен асыл мұрасы» атты облыстық конференцияда айтылды.  Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шарада  «Ұлы дала құндылықтары  насихатталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл бастаманы жастар ұсынуда. Өйткені, қаламыздағы жоғарғы оқу орындары белгілі қоғам қайраткерлерінің есімімен аталады. Ал, университет  ұлт қайраткерінің атымен айтылар болса, жастар да жігерлене түспек, дейді студенттер.

Сондай-ақ, конференция барысында «Шерхантану» ғылыми –зерттеу орталығы оқушылар арасында жариялаған «Мен жастарға сенемін» атты байқаудың қорытындысын шығарды. Бұдан бөлек, жыл сайын облыстық Шерхан оқулары да өткізіліп тұрады. Ал, жеңімпаздарға  университет  білім гранттарын береді.

Кең ауқымда қамтылған конференция соңы студенттердің үндеуімен қорытындыланды. Алдағы уақытта білім ордасынан  Шерхантану курсын оқытатын  орталық та ашылуы керек. Ал, университетке Шерхан Мұртаза есімін беру туралы жастар ұсынысы назарға алынбақ.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.