Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында №51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мерекелік іс-шара өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мерекелік кешті орталық директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрат Бердалиев бастап, қызметкерлер мен орталық тұрғындарын аталмыш мерекемен құттықтады.
Аталмыш іс-шара орталық қызметкерлерінен құралған, көркем өнерпаздар үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қызметкелерден құралған топ көрермендер назарына «Ана тілім», «Қазақ тілі», «Жаса, қазақ тілім» әндерімен әлеуметтік сала қызметкерлерінің дайындаған жалпы хормен «Анамның тілі» әні орындалды. Сонымен қатар, топ музыкалық компазициялық өлең шумақтарын мәнеріне келтіре оқып, көпшілік назарына ұсына білді.
Айта кетейік, мерекелік іс-шара өткізудің мақсаты — қазақ тілінің биязы мақамы — домбыраның күмбір қаққан сазындай, асқан әуезділігі- шырқап салар әндей деп біліп, қазақ тілінің-бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнеулері ерте туған тіл екендігін және де осындай тілімізді таза ұстауды насихаттау. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте-естен шығармауды дүйім жұртқа паш ету.