Тараз қаласындағы әскери мектеп азаматтарды қабылдауды бастады

0 33

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Тараз филиалы мерзімді әскери қызметтік өзіндік баламасы ретінде өтеулі негізде әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша азаматтарды 2019 жылдың ақпан айынан оқуға қабылдауды бастады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Дайындық «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Тараз филиалының базасында өткізіледі, жататын орын, тамақ, әскери киімдермен толық қамтамасыз етіледі.

Мерзімі 40 күн болатын дайындық барысында жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар теориялық дайындықпен бірге практикалық жаттығулармен, қару жарақ, әскери техникалар, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысы туралы хабардар етіледі.

Оқыту соңында әскери ант қабылдап, бітіру емтихандарын тапсырып, біліктілік беріледі. Дайындықтан өткені туралы сертификаттар негізінде әскери билеттерге қол жеткізетін болады.

Мекен жайы: Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесі, №4

Анықтама телефоны: 8 (7262) 45-32-08,

Ұялы тел: 8 708 698 73 07, 8 775 515 90 27, 8 777 512 11 56.

Leave A Reply

Your email address will not be published.