Тараздық педагогтар кореялық әріптестерімен тәжірибе алмасты

0 0

Таразда Оңтүстік Корея сарапшылары Зияткерлік мектеп педагогтарымен тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Үш күн бойы өткен шеберлік-сабақтарына республика аймақтарынан НЗМ педагог-кітапханашылары, кураторлары мен тәрбиешілері қатысты. «Оқушылардың бойында ғылыми  шығармашылық және адамгершілік принциптерді дамыту»  тақырыбындағы семинарды халықаралық дәрежедегі Сонгок сарапшылары – И Док Чу, Хан Хё Чжон және Ким Сын Хи Семинар өткізді.

– Біз мектепте тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістерімен бөлістік. Біздің команда кітапхана ісінің үздік әдістемелері мен тәжірибесін таратуға мүдделі. Педагогтарыңыздың белсенділігі өте жоғары, – деді Хан Хе Чжон. 

Семинар бағдарламасы үш негізгі тақырыпты қамтыды. Атап айтсақ, «Кітап оқу және талқылау арқылы тәрбие жұмысын жүргізу», «Белсенді іс-шаралар арқылы тәрбие жұмысын жүргізу» және «Әріптестер арасында қарым-қатынасты нығайту арқылы оқыту».

Іс-шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ кітапханашылар мен кураторлардың бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталды. Семинарға қатысушылар үздік халықаралық тәжірибелерді зерделеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

– НЗМ жүйесінде мен жеті жыл бойы жұмыс істеп келемін. Осы кезеңге дейін әртүрлі елдердің инновациялары мен әдістерін игердік және оларды өз тәжірибемізде қолданудамыз. Осы семинарда педагог-кітапханашылар мен пән мұғалімдерінің оқушы бойында моральдық құндылықтарды қалыптастыруда тығыз қарым-қатынас жасау әдістерінің  тиімділігін атап өткім, – деп Көкшетаулық Зияткерлік мектебінің аға педагог-кітапханашысы Ольга Саламахина өз ойымен бөлісті.

Қазақстандық және корейлік педагогтарының ынтымақтастығы табысты білім беру коллаборациясының жарқын үлгісі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.