Қордай ауданында ерекше жылыжай салынуда

0 1

Қордай ауданында ерекше жылыжай салынуда. Бұрын тек, қызынақ пен қияр секілді көкөністің түрлерін өсіріп келген шаруашылық, биылдан бастап жылыжайды аквапоника әдісіне көшіріп отыр. Бұл дегеніміз жоғарғы технология көмегімен мұнда бірден балық пен сұранысқа ие көкөніс  өсіруге мүмкіндік бар, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Нәдір ӘБДІҚАДЫРОВ, Құрылыс жетекшісі:

— Мұндай теплица қазіргі таңда СНГ елдерінде жоқ. Жылыжайда жылына 350 тоннадай салат өндірсек, 40 тонна балық өнімін өсіреміз.

Жаңа жылыжай кешенінде салат жапырақтарының 68-түрін өсірмек. Ол өте тиімді жолмен жүзеге асады. Мына шағын бассейндерге балық жіберілсе, сол судың артық бөлігі өсімдікті суғаруға мүмкіндік береді. Дамыған елдерде кең тараған бұл әдіс Қордай жерінде сәтті жүзеге асатынана сенім мол.

Жылыжай кешенінің құрылысы биылғы жылдың ортасына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Егер жоспар сәтті жүзеге асса келер жылдан бастап алғашқы өнімдері экспортқа шықпақ.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.