Облыстық қазақ драма театрында «Жақсы шәкірт» ертегісі сахналанды

0 11

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мектеп оқушылары үшін Мәлік Ақүрпековтің балаларға арналған «Жақсы шәкірт» атты ертегісі сахналанды. Бұл туралы «Zhambylnews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Жақсы шәкірт» ертегісінде ең еңбекқор жәндік Құмырсқалардың керемет ұйымшылдықтары мен ауызбіршіліктері арқасында тынымсыз, тындырымды тіршілік жасай отырып, әрдайым жеңіске жететіні баяндалады. Бұл ертегі-қойылым – балаларды еңбексүйгіштікке, ынтымақ, бірлікке үндейтін, тәрбиелік маңызы зор шығарма.

Ертегіні сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері – шығарма авторы Мәлік Ақүрпековтің өзі болса, қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.