Ерболат Досаев Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды. 25 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Президент ұсынысын сенат қолдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Азаттыққа сілтеме жасап.
Бұған дейін ұлттық банк төрағасы болған Данияр Ақышев қызметінен босатылды.
48 жастағы Досаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болған. Ол бұл қызметке 2017 жылы тамызда тағайындалған. Оған дейін экономикалық даму және сауда министрі, денсаулық сақтау министрі, ұлттық экономика министрі болған.
25 ақпанда Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалған.
21 ақпанда Назарбаев мәлімдеме жасап, үкімет жұмысын сынағаннан кейін Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті тараған. Президент жаңа премьер-министр тағайындалғанға дейін үкімет жетекшісі қызметін атқаруды Асқар Маминге жүктеген еді.