Жамбыл облысында жыл сайын 5 мың га жерге орман ағаштары егіледі

0 21

Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың 034 га, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн.   357 мың 123 мың га. Орман қоры жерлері облыс жер аумағының 30,8 пайызын, ал орманды жерлері 15,47 пайызын алып жатыр. Жыл сайын мемлекеттік орман қоры аумағындағы 5000 га жерге орман ағаштары көшеттен және тұқымнан егілуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикердің айтуынша, 2018 жылы көктемде 1800 га алқапқа орман ағаштарын көшетімен отырғызылды (400 га қарағаш, 100 га жүзген, 1300 га сексеуіл), ал күз айында жоспар бойынша 3000 га сексеуіл екпелерін тұқымынан себу жоспарланған болса, қазіргі таңда нақты 3500 га алқапқа сексеуіл екпелері тұқымынан себілді.

Сондай-ақ, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту іс-шараларына бөлінген 20 074 мың теңге қаржы 100 пайызға игеріліп, жоспарланған жұмыстар толығымен атқарылды. Оның ішінде, Жуалы, Талас, Жамбыл аудандарының аумақтарындағы көлемі  148 300  гектарды құрайтын «Жуалы-Қарашат» және Қордай мен Шу аудандарының аумағындағы көлемі 379 960 гектарды құрайтын «Қордай-Жайсан» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдарын құру үшін жер учаскелері резервіленді. Қазіргі уақытта резервіленген жер учаскелерінде «Жуалы-Қарашат» және «Қордай-Жайсан»  жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдарын құру туралы облыс әкімдігінің қаулысының жобалары  әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен  келісілуде.

Тағы бір жаңалық. Бүгінгі таңда басқармаға қарасты «Жамбыл су қоймалары» КМН-нің теңгерімінде 105 су қоймасы бар (барлығы 144,107 млн м3). Қысқы-көктемгі су тасқынының алдын-алу іс-шаралары мекеме қызметкерлерімен тұрақты және сапалы түрде жүргізіліп келеді.

Сонымен бірге, тұрмыстық қалдықтар саласындағы қызметімен айналысатын 33 кәсіпорын (оның ішінде Тараз қаласында – 21), 124 арнайы көліктер (техника) жұмыс істеуде. Бүгінде 501 контейнерлік алаңдар 3460 дана контейнерлермен қамтылған.

«Жалпы, облыс көлемінде 2018 жылы ірі кәсіпорындармен 294414,640 мың теңге немесе 70 % қаражат игерілді. Жамбыл облысы бойынша  қоршаған ортаны ластаушы заттардың лимиттері бекітілген: шығарындылар – 143,0 мың тонна, төгінділер – 24,0  мың тонна. 2018 жылдың есебінде қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша бекітілген нысаналы индикаторлар толық орындалған: шығарындылар лимиті – 114,896 мың тонна, төгінділер лимиті – 23,659 мың тоннаны құрады. Облыста 2019 жылдың 25 ақпанына қарағанда кең таралған пайдалы қазбаларға жасалған 141 жер қойнауын пайдалану келісімшарттары тіркелген, Республикалық маңызды обьектілер саны – 45», — деді басқарма басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.