Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды. ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне 2014 жылдың қараша айында тағайындалды.
Әбдіқалықова ҚР Президентінің кеңесшісі, Президент жаныныдағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясын төрайымы қызметтерін атқарды. Оған қоса еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.