Байзақ ауданында көрнекі ақпарат құралдарына зерделеу жұмыстары жүргізілді

0 10

Байзақ ауданында «Көркем тіл – көрікті жарнама» атты аудандық акция аясында бірқатар нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған акцияның мақсаты – көрнекі ақпараттарда кездесетін қателерді болдырмау және тіл туралы заңның қолданыс аясын сақтау. Акция барысында аудан көлеміндегі ауылдық округ, елдімекендер және түрлі кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, зерделеу жұмыстары «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы бойында орналасқан қонақ үйлер, мейрамханалар мен дәмханаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде грамматикалық қателіктер, тіл заңдылықтарының сақталмауы белгілі болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге арнайы кітапшалар мен түсіндірме қағаздары таратылып берілді.

Сәкен Сыздықов, Байзақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Аудан көлеміндегі ақпараттың пайдалануын, тілдің мәртебесін өсіру аясында жұмыстар атқаратын боламыз .Негізгі жұмыстың бағыты тіл туралы заңның 21-22 бабы бойынша жұмыстар атқарып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әсіресе, бұл мәселеге жеке кәсіпкерлер атүсті қарайды. Арнайы зерделеу нәтижесі көрсеткендей, кейбір аудандардағы мекеме аттары мен сыртқы жарнама құралдарын жазуда көптеген кемшіліктер анықталған.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.