Жамбылда жыл басынан мал ұрлығы 34,8%-ға төмендеген

0 5

Жамбыл облысы прокуратурасымен ұйымдастырылған бөтен мүлік ұрлығының алдын алуға, жол бермеуге және ашуға бағытталған «Барымташы» рейдттік іс-шара аясында өткен жылы 2 108 мал басының заңсыз тасымалдау бойынша 205 дерек анықталған. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасапхабарлайды.

Нәтижесінде, 245 кінәлі тұлғаға 7 659 925 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Бұл рейдттік шаралар полиция департаменті және шекара қызметімен бірлесе отырып жүргізілген.

Ағымдағы жыл басынан бастап мал ұрлығы 34,8% (46-дан 30-ға дейін) төмендеген.

Қабылданған іс-шараларға қарамастан, азаматтармен өз мүліктерінің және малдарының қорғау деңгейі әлдеде төмен.

Осыған орай, Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды малдарын қараусыз қалдырмай, сақ болуға шақырады.

Сонымен қатар, қараусыз қалдырылған малдар жол-көлік оқиғаларының бірден-бір себепкері болатынын ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.