Жамбыл облысындағы саяжай алқаптарында 100-ден астам әкімшілік бұзушылық анықталды

0 1

Облыс орталығының саяжай алқаптарында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында Тараз қаласы ПБ  2-ПБ қызметкерлері 22-24 ақпан аралығында Тараз қаласы ПБ, 1- ПБ және 2-ПБ әріптестерінің қатысуымен «Саяжай» («Дача») жергілікті тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру жұмыстарына жеке құрамның 110 қызметкері жұмылдырылды, сондай-ақ, қалалық ПБ ЖПҚ ЖППБ қызметкерлері арасынан 40 жаяу патруль бағыты және 7 автопатруль бекеті құрылды. Нәтижесінде, Шөлдала, Құмшағал, Қызылабад, Көлтоған кенттерінде және Казарма разъезінде орналасқан 27 саяжай алқабы тексерумен қамтылған, онда 20300 адам тұрады. Сонымен бірге, 5854 жеке меншік үйдің 3025-і тексерілді.

Жұмыс барысында 23 шетел азаматының көші-қон заңнамасын сақтауына қатысты тексеру жүргізілді, олардың тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ. Жеткізілген 264 адамның ішінен 228-нен саусақ іздері алынды, есепте тұрған 49 адам тексерілді. «Тоқта – ұрлық» және «Көршінің қадағалауы» жедел-алдын алу іс-шаралары шеңберінде 350 бүктемелер таратылып, 103 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Облыстық наркодиспансерге 14 азамат жеткізілді. Үнемі спирттік ішімдіктерді қолданатын бес саяжай иесі  анықталды.

Үш күн ішінде ҚР ҚК-нің 296-бабы 1-бөлігі бойынша алты қылмыстық теріс қылық анықталды. 22 ақпан күні Тараз қаласы ПБ ЖПҚ қызметкерлері Құмшағал ауылының «Водник» саяжай алабында қоғамдық орында есірткі затын пайдаланған 30 жастағы азаматты ұстады. Сонымен қатар, сол кентте 16 бас ҰҚМ ілеспе құжатсыз тасымалдау фактісі анықталды.

Ал 23-ақпанда  Шөлдала ауылының «Победа» саяжайында қоғамдық орында есірткі затын пайдаланған үш азамат қолға түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.