Жамбыл облысында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

0 3

Жамбыл облысы аумағында 2022 ақпан аралығында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу ісшарасы өткізілді, — деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты — үй жануарларын ұрлаудың алдын-алу, ескерту, жолын   кесу және анықтау.

Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің 500-ден астам қызметкері жұмылдырылды. Алғашқы тәуліктер ішінде мал ұрлығының бес фактісі және бұрын жасалған ұқсас қылмыстың 13 фактісі тіркеліп, ашылды.

Сонымен қатар, тұрақты түрде мал ұрлығымен айналысқан 20 адам және екі ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, тиісті есепке алынды. Мәселен, Меркі ауданы Меркі ауылының 65 жастағы тұрғынынан жылқы ұрлағаны үшін осы елді мекеннің үш тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ, тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаған 24 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, мал ұрлығына қарсы күресте құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.