Таңғы сағат 6:15-те Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 9-мөлтекауданда орналасқан 62-үйде орын алған. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің бір кіреберісінің 1,2,3 қабаттары құлаған. Қазірге дейін қирандының астынан 7 адам шығарылды. Оның 5-і ауруханаға жеткізілді, 2 адам қайтыс болған.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы-85 адам мен 5 техника жұмыс істеуде.
Жарылыс себептері анықталуда. Болжам бойынша, жарылыс табиғи газдан болған. 5 -қабатты үйде жалпы саны 80 пәтер бар.
Жамбылдықтар үшін қауырт желі телефоны іске қосылды. 87262 513575 номері арқылы ақпарат білуге болады.